Өңірлер

Атырау облысында игерілмеген 497 мың га мемлекетке қайтарылды

Атырау облысында ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары аясында 635,5 мың га жер учаскесінің игерілмей отырғандығы анықталды, аймақ басшысы әкімдігінен хабарлады.
Атырау18 Тамыз , 17:48

Бұл ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы көлемінің 28,5% құрайды. 

Анықталған пайдаланылмай отырған жер учаскелерінің 497 мың га жер учаскесі немесе 78,2 % мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Пайдаланылмай отырған 3012 жеке тұрғын үй жер учаскесі анықталып, біразы қайтарылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика