Адами капитал

Атырау қаласының ҰОС ардагерлері жеке меншік клиникаларда тегін медициналық көмек ала алады

Атырау әкімі Нұрлыбек Ожаев пен 16 жеке медициналық мекеменің өкілі ҰОС ардагерлеріне тегін медициналық көмек көрсету туралы меморандумға қол қойды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Атырау18 Тамыз , 18:36

Медициналық мекеме ардагерлерге тек медициналық көмек көрсетіп қоймай, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, стационарларда емдейді.

«Қалада 56 ардагер бар, біздің мақсатымыз олардың басында тұрмыстық проблеманың болмауын қамтамасыз ету», - деді Атырау әкімі. 




Яндекс.Метрика