Адами капитал

Аstana Motorsports Венгриядағы әлем кубогінің үздік бестігіне кірді

Бас демеушісі «Самұрық - Қазына» АҚ AstanaMotorsports командасының экипажы Венгриядағы FIA әлем кубогында 5-орынға табан тіреді, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде18 Тамыз , 19:28

Естеріңізге сала кетейік, «Astana Motorsports Мажарстандағы FIA Әлем кубогінің жетінші кезеңін бесінші орында аяқтады. Жарыстың екі күнінде қатысушылар 600 километрді артқа тастады.

«Барлығы «Венгерская Баха 2014» додасына 77 команда, 35 жеңіл автокөлік, 5 жүккөлігі, 7 ашық авто, 30 мотоциклші мен квадроциклші қатысты.  Қазақстан жарыста Т1 (жетілдірілген сериялы автомобильдер) бір MINI All4Racing экипажымен қатысты. Қазақстанның абыройын ұшқыш Айдын Рақымбаев пен Антон Николаев 218 нөмірде қорғады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, екі күн ішінде 360 километрді бағындырған қатысушылар сенбі күні тартысқа толы жарыста өзін жақсы қырынан көрсете білді.




Яндекс.Метрика