Өңірлер

Нұра ауданының экономикасы белсенді дамып келеді - Әбдібеков

Нұра ауданының әлеуметтік -экономикалық дамуын Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков аталмыш ауданға жұмыс сапары аясында басты назарға алды.
Қарағанды18 Тамыз , 17:32

Әкімдіктен хабарлағадай, Нұра ауданы Қарағанды облысының астық қоймасы ретінде жайдан жай есептелмейді. Сондықтан да, аймақ басшысы аудандағы егістік алқабымен танысты.  Мәселен, «Шахтер» ЖШС 26 мың га астам алқапқа дәнді дақылдарды отырғызды. Шаруашылықтың 15 егін егу, 95 бидай жинау комбайны және өзге де  ауыл шаруашылығы техникасы бар.

Сонымен қатар, аймақ басшысы аудандағы егін жинау науқанының өту барысымен, бидайды сақтау қоймаларының дайындығымен  танысты. Облыс әкімі «Шахтер» ЖШС жұмысын және жеткен жетістігін жоғары бағалады, делінген хабарламада.

 «Жалпы, Нұра ауданының экономикасы белсенді дамып келеді. Өндірістік кәсіпорын мен ауыл шаруашылығы көлемі артып келеді, шағын және орта бизнес өсіп келеді, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны да артуда. Тұрғын үйлер де салынуда, оның ішінде бюджет қызметкерлері үшін де. Сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерде оң шешімін табуда. Ал, осы игі істердің арқасында халықтың әлеуметтік жағдайы да жақсаруда», - деп түйіндеді өңір басшысы.




Яндекс.Метрика