Парламент

ШҚО-дан сенаторлыққа 4 үміткер ұсынылды

Шығыс Қазақстан облысының сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына 4 кандидатты ұсынды.
Шығыс Қазақстан18 Тамыз , 16:23

«Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес ҚР Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау үшін жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда кандидаттарды ұсыну жұмысы аяқталды. Барлығы 4 үміткер бар, олардың 3-уі өзін-өзі ұсынса, біреуін - Плотников Сергей Викторовичті төрт ауданның маслихаты ұсынды», - деді «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Рукин.

Оның айтуынша, үміткерлерді қолдау үшін қол жинау өткізілді.

«Бүгінде үш үміткер - Сергей Плотников, Виктор Кутовой және Александр Тимошенко тіркелді. Олардың барлығы тіркеу үшін қажетті құжаттарды толығымен ұсынды. Ал, төртінші кандидат әзірге қол жинап жатыр», - деп түсіндірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Сергей Плотников - ҚР Парламенті Сенатының жұмыс істеп жүрген депутат. Ал, Виктор Кутовой мен Александр Тимошенко ірі кәсіпорындардың директоры.

«Қазіргі таңда кандидаттар 12 қыркүйекте басталатын насихаттық жұмыс жүргізу үшін тіркеуге қажетті құжаттарды жинастыруды аяқтауда. Олардың материалдары, насихатық жұмыс үшін қажетті құжаттар дайындалуда, яғни жұмыс күнтізбелік  жоспарға сәйкес жүруде», - деп түйіндеді А. Рукин.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика