Қалаларға шоғырлану

Интернет-ресурсын қолданушылар саны шілде айында 13 пайызға артты – Жоғарғы сот

Ағымдағы жылғы шілде айында Жоғарғы Соттың интернет-ресурсын қолданушылардың қатары тәулігіне орташа есеппен 2321 адамды құрады. Маусым айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13%-ға артқан, деп Жоғарғы сотта хабарлады.
Нұр-Сұлтан18 Тамыз , 16:58

Кеңес барысында «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті» ақпараттық сервистерін кеңінен қолдану, ҚР Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсын контенттік сүйемелдеу және т.б. мәселелер талқыланды.

«Ағымдағы жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы 3 664 талап арыз қабылданды. Өткен аймен салыстырғанда электронды қызметті тұтынушылар қатарының артуы (2014 жылғы маусымда – 1002 талап арыз) байқалуда», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сот органдарының «Қазпочта» акционерлік қоғамымен өзара байланысын одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Өзара іс-әрекет схемасының 1-кезеңін іске асыру арқылы сот органдарының жөнелтілімдеріне «Қазпочта» АҚ тағайындайтын бірегей штрихтік сәйкестендіргіш арқылы  соттар почталық жөнелтілімнің ағымдағы жеткізілу деңгейі туралы хабарламала алып отыруға мүмкіндік алды. 




Яндекс.Метрика