Өңірлер

Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары басталды

Бүгін «Спасск» полигонында (Қарағанды облысы) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштері (ҰҚШҰ ҰЖДҚК) «Өзара іс-қимыл-2014» оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп Қорғаныс министрлігінде хабарлады.
Қарағанды18 Тамыз , 16:41

«ҰҚШҰ ҰЖДҚК Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша ҰҚШҰ мемлекет басшыларының шешімімен құрылған.

Осы оқу-жаттығуда біз тұңғыш рет далалық жағдайда ҰҚШҰ Біріккен штабының және ТМД Хатшылығының қатысуымен ҰҚШҰ ҰЖДҚК қолбасшылығын толық құрамда өрістетеміз. Жылдан жылға Ұжымдық жедел ден қою күштерінің бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары жеке құрамы бойында үздік қасиеттер қалыптасуда, олардың әлеуеті артып, дағдысы шыңдала түсуде», - деп оқу-жаттығуға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов: атап өтті.

«Бұл оқу-жаттығуда негізінен кәсіпқойлардан – офицерлерден, сержанттар мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерден тұратын жеке құрам машықтану деңгейін, білімі мен шеберлігін бірлесе іс-қимыл жасауға қабілеттілігін көрсетеді деп санаймын», - деді С. Жасұзақов

ҰҚШҰ ҰЖДҚК контингенттерінің «Өзара іс-қимыл» кешенді оқу-жаттығуының мақсаты жауынгерлік іс-қимылдарды даярлауда және әскерлерді басқаруда, соның ішінде өзара іс-қимыл мен жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру өңірінде контингенттерді өрістету кезінде ҰҚШҰ ҰЖӘЕК басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру болып табылады. 

 




Яндекс.Метрика