2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

ШҚО-да АӨСШК жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Өскеменде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі жастар кеңесінің (АӨСШК) алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан18 Тамыз , 15:53

Форум "Азиядағы сенім негізіндегі жастардың мәдениетаралық диалогы" жастар және жастар ұйымдарының халықаралық лагері аясында өтуде және 23 тамызға дейін жалғасады. Оған Қытай, Қырғызстан, Әзербайжан, Палестина, Иран, Түркия, Мысыр, Тәжікстан, Ресей және Қазақстанның өкілдері қатысуда.

«Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі жастармен жұмыс жүргізуде ынтымақтастыққа септесуге және жастар мен жастар ұйымдарының арасындағы достықты нығайтуға бағытталған. Халықаралық жастар лагері АӨСШК мүше елдердің жастары мен жастар ұйымдарының ынтымақтастығын нығайтып, Азия аймағындағы қауіпсіздік негізі ретінде халықаралық диалогқа негізделіп қатысушылар әлеуетін дамытуға көмектеседі», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика