Өңірлер

Астанадағы мектеп жәрмеңкесіне 15 мыңға жуық адам қатысты

Жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылған Астанадағы мектеп жәрмеңкесіне 15 мыңға жуық адап қатысты, деп «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында елордалық Білім басқармасы бастығының орынбасары Қасымхан Сенғазиев хабарлады.
Нұр-Сұлтан18 Тамыз , 15:21

«Акция шеңберінде кеше әкімдіктің алдындағы орталық алаңда жәрмеңке өткізілді, ол 23 тамызда қайта өтетін болады. Кешегі жәрмеңкеге 40 шағын және орта бизнес субъектілері қатысып, өз өнімдерін 10%- дан 50%-ға дейін жеңілдікпен саудаға сағат  10:00 ден 17:00-ге дейін шығарды, оған 15 мыңға жуық адам қатысты», - деді ол.

Айта кетерлік жайт, жәрмеңке «Мектепке жол» акциясы аясында өткізілді. Онда мектеп формасын, кеңсе заттарын, аяқ киім мен кітәптарды төмен бағамен сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, келесі жәрмеңке елордамызда тура 1 аптадан кейін 23 тамызда өтеді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика