Энерготиімділік

Алматыда ЭКСПО-2017 аясындағы баламалы қуат көзін дамыту жағдайы талқыланды

Алматыда ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбын ілгерілету және дамыту шеңберінде «Болашақтың энергиясы: энергияны тиімді пайдалану» халықаралық семинары өтті.
Алматы қаласы18 Тамыз , 15:03

«АстанаЭКСПО-2017» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, ғылыми қауымдастық өкілдерінің, энергия тиімділігі саласындағы шетелдік мамандардың, сондай-ақ, қазақстандық энергетикалық компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен семинар көміртектің шығарылуын төмендету және жаңартылатын қуат көздерін дамытуға бағытталған экономиканың түрлі салаларында қуатты үнемдеу және қуат тиімділігі бойынша мемлекеттік саясаттың түрлі шараларын табысты қолдануға басты назар аударды.

Семинар қатысушылары әлемнің көптеген елдерінде қуат үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің маңызды тетіктерінің бірі ретінде ғимараттардың (ескі болсын, жаңа болсын) энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар деп атап өтті, өйткені тұтынылатын қуат көлемінің ең көп пайызы осы ғимараттарды ұстауға және қызмет көрсетуге жұмсалады.

«Іс-шарада экологиялық көлік, қуат тиімділігі жоғары құрылыс стандарттары, әлем бойынша шағын жел энергетикалық құрылғыларын дамыту, «Қазақстан – ЕО: 2020» энергетикалық хартиясы аясындағы қуат тиімділігі, қуат үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру саласындағы Қазақстан саясаты мен заңнама негізі мәселелері де талқыланды», - делінген хабарламада.

Семинар Экспо-2017-нің тақырыпшаларының біріне – «Қуат тиімділігі жоғары өмір салтына» қолдау көрсету мақсатында өтті. «СО2 шығарылу мөлшерін азайту» және «Баршаға арналған қуат» атты екі өзге тақырыпшаны ілгерілетуге арналған іс-шаралар жылдың соңына дейін Берлин және Астанада өтпек.

 




Яндекс.Метрика