Өңірлер

Ә.Смайылов: Қазақстан экономикасы өсімінің төмендеуі Ресей экономикасымен байланысты

Қазақстан экспортының қысқаруы Ресей экономикасы өсімінің төмендеуімен байланысты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан18 Тамыз , 14:29

«2012 жылы Ресейде жалпы ішкі өнім өсімінің қарқыны 3,4 пайызды құраса, биылғы жылы 0,5-0,6 пайыз деңгейінде болады деп болжанып отыр.Мұның Қазақстанға ықпал етпеуі мүмкін емес, өйткені, біздің елдеріміздің арасында тығыз экономикалық қарым-қатынас орнаған», - деді ол.

Оның айтуынша, жеті айдың қорытындысы бойынша болжамды баға бойынша ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады.Жыл соңына дейін ЖІӨ өсімнің қарқыны құрылыс, ауыл шаруашылығындағы астық жинау науқанының қарқыны есебінен артуы тиіс.

«Сондай-ақ, инфляция белгіленген дәлізде, сондықтан жалпы алғанда жағдай тұрақты және ЖІӨ бойынша көрсеткіш жоғары болады деген ойдамыз», – деп қосты статистика комитетінің төрағасы.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика