Өңірлер

А. Смайылов: Ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында

Маңғыстау облысында ең жоғарғы жалақы, деп ОКҚ өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов хабарлады.
Нұр-Сұлтан18 Тамыз , 14:13

«Сан бойынша айтатын болсақ, Астанада ол (жалақы) 182 мың теңгені, Алматыда 156 -158 мың теңгені құраса, Маңғыстау облысында ең жоғарғы жалақы беріледі, 222 мың теңге, Атырау облысында - 221 мың теңге. Мен дәл қазір айлық жалақы туралы айтып отырмын. Оларда өндіру кәсіпорындарының басым бөлігі орналасқандықтан, бұл соншалықты таңғаларлық жағдай емес», - деді А.Смайылов.

Сонымен қатар, комитет төрағасы ең төмен жалақыны атады. Оның айтуынша, ең төменгі жалақы СҚО – 85 мың теңге, Қостанай облысында - 92 мың теңге, Алматы облысында  - 94 мың теңге теңге және Жамбыл облысында  - 85 мың теңге.

«Ауылшаруашылығы басым аймақтарда жалақы мемлекет бойынша едәуір төмен», - деп түсндірді А.Смайылов.

Осыған дейін хабарланғандай, қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 2014 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 124 мың 780 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға жоғары.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика