Халықаралық интеграция

Н. Назарбаев Финляндия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен телефон арқылы сөйлесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан18 Тамыз , 14:01

Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Қантөгісті, әсіресе бейбіт тұрғындардың арасындағы қантөгісті тоқтатудың және Украина дағдарысы бойынша келіссөздер үдерісін бастаудың маңыздылығы атап өтілді. 

 

 




Яндекс.Метрика