Өңірлер

Қазақстанда номиналды орташа жалақы 125 мың теңгені құрады

Қазақстанда номиналды орташа жалақы 125 мың теңгені құрады. ОКҚ өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов хабарлады.
Нұр-Сұлтан18 Тамыз , 13:07

Жан басына шаққандағы номиналды орташа табыс бағалау бойынша маусым айында 62647 теңгені құрады, номиналды тәртіпте өсім 11%, ал нақты  3,7% құрады.

"Номиналды жалақы орташа айлық есепте маусым айында 124780 теңгені құрады, ол өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда 13,5% -ға жоғары. Нақты жалақы индексі 106% көрсетті",- деп хабарлады Смайылов.

Айта кетерлік жайт, шілдеде жұмыссыздар саны 463,4 адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 5,1% құрады.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика