Қалаларға шоғырлану

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жарты жылда 61 млн долларды құрады

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жарты жылда 61 млн долларды құрады, деп ОКҚ өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов хабарлады.
Нұр-Сұлтан18 Тамыз , 13:01

«Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар – маусым айларында 61021,5 млн АҚШ долларын құрады, ол өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,5 пайызға қысқарды, ал импорт құны 19178,6 млн АҚШ долларын құрады, ол 15,2 пайызға қысқарды. Мен тауар айналымын ескеріп отырмын, алдымен импорттың есебінен аталмыш көрсеткіш төмендеп отыр», - деді ол.

Өз кезегінде экспорт 41,8  млрд долларды құрып, 1,9 пайызға қысқарды. Сондай-ақ, тұтынушылар индексі 2014 шілдесінде 104,9 пайызды құрады.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика