Өңірлер

Қазақстанда негізгі капиталға инвестиция көлемі 5,5%-ға артты

Қазақстанда негізгі капиталға инвестиция көлемі 3091,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға артқаны белгілі болды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов хабарлады.
Нұр-Сұлтан18 Тамыз , 12:45

"Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 102,7% құрады. Ағымдағы жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 3091,5 млрд  теңгені құрап, өткен жылдан 5,5%-ға артық екені белгілі болды ",- деп хабарлады Смайылов.

Сонымен, өндіріс көлемі 2014 жылдың қаңтар-шілдесінде қолданыстағы бағамен 10862,9 млрд теңгені құрады, ол өткен  жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 0,3%-ға төмен, тау-кен өндірісі мен қарьерларды барлау саласында өндіріс 0,5%-ға, қайта өңдеу саласында 0,2%-ға, сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, жинау және бөлуіді бақылау саласында 4,1%-ға төмендеді. Ал, электрқуатымен қамтамасыз ету, көгілдір отын салаларында 1,8%-ға артты.

"Ауылшаруашылы саласында жалпы өнім өндірісі (қызмет) 2014 жылдың қаңтар-шілде  аралығында  732,5 млрд теңгені құрап, 2013 жылдың қайтар-шілде айымен салыстырғанда 3,4%-ға артты",- деп атап өтті ол.

«Көлік» саласы бойынша қызмет көлемі - физикалық индекс көлемі 2014 жылдың қаңтар-шілдесінде 107%,  «Байланыс» саласы бойынша физикалық индекс көлемі 2014 жылдың қаңтар-шілдесінде 109,3% және «Сауда» саласы бойынша - 109,6% құрады.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика