Адами капитал

Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 90-нан астам балаға мектепке қажетті заттар берілді (ФОТО)

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Баланы мектепке даярлайық» қайырымдылық акциясы өтіп, 91 балаға мектепке қажетті құралдары бар оқышулардың аспалы сөмкесі берілді.
Нұр-Сұлтан 18 Тамыз, 11:56

«Партиялық «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында 91 балаға мектепке қажетті құралдары бар оқушылардың аспалы сөмкесі берілді. Бұл шаралар жыл сайын оқу жылы қарсаңында өткізіледі. Қазіргі таңда, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отабысларынан шыққан балаларды  оқу жылына даярлау мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп жатыр», - деді астаналық білім басқармасы бастығының орынбасары Қасымхан Сенғазиев.

Айта кетерлік жайт, аталмыш игі шараны қалалық филиал 2009 жылдан бастап үзбей өткізіп келеді.

Шараның мақсаты әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға алдағы оқу жылына дайындық аясында қолдау көрсету. Жалпы, игі шара аясында балаларға мектепке қажетті құралдар беріліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика