Өңірлер

Екі жылда 9 денсаулық сақтау нысаны салынды – Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысында екі жылда 9 денсаулық сақтау нысаны іске қосылды. Сондай-ақ, тағы 14 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін іске қосылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Атырау18 Тамыз , 11:26

Типтік жобаға сай салынған ғимаратта орналасқан алғашқы медициналық көмек ұйымдарының үлесі 2012 жылғы 33% болса, бүгінде 68%-ға жетеді.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстардың нәтижесі бойынша, биылғы алғашқы 6 айда 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 13,6-ны құраса, өлім көрсеткіші 14,3%-ға төмендеп, табиғи өсім 5 %-ға өсті.

«Атырау – туберкулез бойынша Кеңес өкіметі кезінен соңғы орында болатын. Соңғы 10 жылда туберкулез аурушаңдығы 2,5, оның ішінде соңғы алты айда 30,4 %-ға төмендеп, Республикада 5-орынға шықты», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика