Өңірлер

Алматы облыстық сотында жаңа әкімшілік құқықбұзушылық кодексі талқыланды

Алматы облыстық сотында «Жаңа әкімшілік құқықбұзушылық кодексін», «Әкімшілік жауапкершіліктің қылмыстық жауапкершіліктен айырмашылығы туралы басқа заң номаларымен тәжірибеде қолданылуы мен мүмккіншіліктері» туралы талқылау тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Алматы18 Тамыз , 10:54

ҚР Жоғарғы сотынан хабарлағандай, аталған тақырыпты талқылауға Алматы облысының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқа төрағасы, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сонымен қатар Алматы облыстық прокуратурасының, ІІД, Алматы облысы бойынша кеден бақылау департаментінің, облыс әкімі аппаратының, салық департаментінің өкілдері және адвокаттар қатысты.

«Семинарға қатысушылар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік арасындағы айырмашылықты талқылады, біріншіден әкімшілік құқықты бұзушылар жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар болуы, ал қылмыстық қылмысты –тек іс-әрекетке қабілетті жеке тұлға болуы мүмкін. Екіншіден, процессті жүргізуші орган ретінде әкімшілік жауапкершілікке неғұрлым көп субъектілер тарта алса,  қылмыстықта тек сот қана тарта алады. Үшіншіден, құқықбұзушылықтың, қылмыстан айрмашылығы көпшілікке қауіп төндірмейтіндігі, сондықтан іс жүргізу бірнеше деңгейге қысқарған. Оның құрамға бөлінуі  кодекстердің көмегімен жүзеге асырылады. Қылмыстық қылмыс үшін әкімшілік құқықбұзушылыққа қарағанда қатаң жауапкершілік қарастырылған», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика