Инфрақұрылымның дамуы

Атырау облысында жыл басынан бері 5 тұрғын үй пайдалануға берілді

Атырау облысында соңғы екі жылда "Қолжетімді тұрғын үй-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2 632 пәтерлік 50 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 318 пәтерлік 5 үйі биыл І жартыжылдықта табыс етілді.
Атырау18 Тамыз , 10:39

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, жыл аяғына дейін 1 830 пәтерлік тағы 32 тұрғын үй пайдалануға беріліп, бағдарлама аясында тұрғын үй салу соңғы екі жылда 2,6 есеге артады.

Жалпы, тұрғын үй құрылысы облыста тек «Қолжетімді тұрғын үй-2020" мемлекеттік бағдарламасымен шектеліп қалған жоқ. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1538 пәтерлік 92 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасы» аясында биыл алғашқы жартыжылдықта 648,9 млн.теңгеге қаладағы көпқабатты 20 үйге жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы тұрғындармен қайтарылған қаражатқа қосымша 2 үйге жөндеу жүргізіледі. Бұл жұмыстарды қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Келесі жылы 617,6 млн.теңгеге 17 үйге жөндеу жүргізу жоспарлануда.

 «Сондай-ақ, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында облыста барлығы 98 сумен қамту нысанының құрылысы іске асырылуда. Оның 18-і пайдалануға берілді (жалпы құны - 12,3 млрд.теңге). 67 нысан жыл аяғына дейін тапсырылып, қалған 13 нысан 2015 жылы пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, облыс елді мекендерінің орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткішін екі жылда 54 пайыздан жыл соңында 73 пайызға, 2015 жылы 78 пайызға жеткізу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика