Өңірлер

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы Аршалы ауданының кәсіпкерлеріне лимонад цехын ашуға көмектесті

Ақмола облысы Аршалы ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының арқасында осымен 2-ші жыл қатарынан өндірістік қуаттылығы айына 20 мың бөтелке лимонад цехы жұмыс істеуде.
Ақмола18 Тамыз , 10:23

2013 жылы  Мұрат Оздоев «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 2 млн теңгені несиеге алды. Қомақты қаржыға кәсіпкер жаңа теника сатып алып, өндірісті іске қосады, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашады.

«Мен кеңестік кезеңнен бастап лимонад цехында жұмыс істеп келемін. Тоқырау болды, қиындықтар туындады, бірақ біз сондада жұмыс істеп келдік. Кейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 2 млн. теңгені несиеге алдым, өндірісті кеңейттім, енді менің 6 жұмысшым бар», - деді «Оздоев» лимонад цехының бастығы  Мұрат Оздоев.

Кәсіпкердің айтуынша, лимонад цехы орташа есеппен бір ауысымда 1000 бөтелке, бір айда 20 бөтелке лимонад шығарады.

«Біздің өндіріс соншалықты үлкен емес, біз бір ауысымда орташа есеппен 1000 бөтелке, бір айда 20 бөтелке лимонад шығарамыз», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, М. Оздоев атап өткендей, бір бөтелке лимонадттың құны 50 теңге.

«Сұраныс өте жоғары, біз тіпті өндіріп үлгермейміз. Біздің лимонадтты Теміртау, Қарағанды, Осакаровка алады. Біз бір бөтелкені 50 теңгеден береміз, менің ойымша бұл қолжетімді баға», - деді  М. Оздоев.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика