Өңірлер

Атырау облысында ағымдағы жылы 12 балабақша салынады – әкімдік

2014 жылдың І-ші жартыжылдығында жалпы қуаты 755 орындық 6 балабақша іске қосылды. Жыл соңына дейін әрқайсысы 280 орындық 12 балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Атырау18 Тамыз , 09:33

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, соңғы екі жылда «Балапан» бағдарламасы аясында жалпы қуаты 5 115 орындық 67 мектепке дейінгі ұйым іске қосылды. Оның ішінде 29 балабақшаның 13-і – жекеменшік балабақша, 3 балабақша республикалық бюджет, 3 балабақша инвесторлар есебінен, 4 балабақша бұрынғы балабақшаларды қайтару арқылы іске қосылды. 

Екі жылда 1-6 жасар балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту көрсеткіші 42,5%-дан 52,9%-ға, 3-6 жасар балаларды қамту 77%-дан 78,9%-ға жетті. Жыл аяғына дейін балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды 87,6%-ға жеткізу көзделіп отыр. 

 «Биыл облыста үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді. Апатты жағдайдағы 11 мектептің орнына жаңа мектептер салынуда. Былтыр 1 мектеп іске қосылды, тағы 4 мектептің құрылысы аяқтала келді, қалғаны келер жылы бітеді. 2015 жылы облыстағы апатты мектептер мәселесі де толығымен шешілетін болады», - деп әкімдіктен атап өтті.




Яндекс.Метрика