Халықаралық интеграция

Мәскеуде ҚР тауарларын РФ-ға экспорттау мәселесі талқыланды

Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған қазақстандық делегацияның Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық кәсіпорындардың Ресейдің импортты алмастыру бағдарламасына қатысуы, Кедендік одақ аумағында Халықаралық жол тасымалы конвенциясын қолдану және қазақстандық азық-түлік тауарларын Ресей Федерациясына экспорттау мәселелері талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде18 Тамыз , 09:01

Атап айтқанда, машина жасау, тау-кен металлургиялық, фармацевтикалық, жеңіл және ағаш өңдеу салалары, сондай – ақ, құрылыс индустриясы бойынша отандық өнімдерді ресейлік нарыққа жеткізіп беруге дайын 60 шақты қазақстандық кәсіпорындарға импортты алмастыру бағдарламасына қатысу ұсынылды.

Ресей Федерациясына азық – түлік тауарларын экспорттауды дамыту мәселесі бойынша Бақытжан Сағынтаев бүгінгі таңда 20-дан астам кәсіпорын Ресей нарығына ұн, күріш, қарақұмық жармасы, пияз, консервіленген көкөністер, бал және кондитерлік өнімдерді жеткізуге дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Халықаралық жол конвенциясы шартына сай Ресей аумағы арқылы елімізге бағыт алған қазақстандық автокөлік құралдарын өткізу мәселесі де талқыланды.




Яндекс.Метрика