Ұлттың денсаулығы

Астанада Спорт күніне орай «Көңілді старт» спорттық шарасы өтті

Астана қаласының «Алматы» ауданы аумағында 3 күнге созылған салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық бейімділікті күнделікті өмірде қалыптастыру мақсатындағы «Көңілді старт» спорттық шарасы өз мәресіне жетті, деп ауданның ресми сайты хабарлады.
Нұр-Сұлтан17 Тамыз , 15:34

Аудан жасөспірімдері арасында өткен спорттық шарада спорттың барлық түрінен жарыс өткізілді.

Спорт жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен ынталандырған ұйымдастырушылар қауымы салауатты өмір салтын ұстануды және күнделікті өмірде спортты серік етуді тіледі.




Яндекс.Метрика