Өңірлер

Павлодарда аймақтық нормашығармашылығы жағдайы бойынша кеңес өтті

Павлодар облысында Әділет департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп «Павлодар облысындағы аймақтық нормашығармашылығының жағдайы. 2014 жылғы 1 жартыжылдықтағы қорытындылары» тақырыбы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді, деп хабарлады Әділет министрлігі.
Павлодар17 Тамыз , 14:31

Кеңейтілген кеңес Павлодар облысының әкімі Қ.А. Бозымбаевтың төралығымен, қала және аудан әкімдері, сондай-ақ облыс мемлекеттік органдардың заң бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы А.А. Қаңтарбаев, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы әдімет органның қызмет нысанының бірі заңнаманы қолдауда туындайтын проблемалық мәселелерді талқылап кеңестер, кездесулер өткізу болып табылатының өз баяндамасында атап  өтті.  Жыл сайынғы аймақтық нормашығармашылық көлемі, жергілікті мемлекеттік органдарымен қабылданған актілердің саны өсуіне байланысты аймақтық нормашығармашылық мәселерге көп назар аударуда.

«Кеңестің нәтижелері бойынша Әділет департаменті мен  Павлодар облысы әкімдігі сапалы аймақтық нормашығармашылық қызметін аттыруға қатысты іс-шараларды көздейтін шешім қабылдады», -делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика