Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Үкіметті қайта құру кәсіпкерлікті дамытуда оң әсер етеді – Алшанов

Үкіметті қайта құру кәсіпкерлікті дамытуда оң әсер етеді, деп есептейді ҚР оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.
Нұр-Сұлтан17 Тамыз , 12:36

«Мемлекет басшысы соңғы жылдары кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріп келеді. Оның айтуынша, бизнесті қорғау керек, себебі әлемде бәсекелестік артып келеді. Әлемдегі жағдай бойынша алпауыт держава АҚШ артынан Қытай қалыспай еріп келеді және бұл әлемдегі жағдайды шиеленістіріп отыр ",- деді сөз басында Алшанов.

"Ал, біз Қытай мен Ресейдің ортасындамыз. Сондықтанда Қазақстан өзінің менералды қорына ғана емес, отандық бизнесіне де иек артуы керек. Демек, экономиканы әртараптандырып, шағын және орта бизнестің дамыуына жағдай жасауға міндетті», - деп атап өтті Рахман Алшанов.

Оның пайымынша, Қазақстан Үкіметін қайта құру жағдайында қоғам үшін үлкен өкілдікке қол жеткізуге болады.

«Үкіметті қысқарту, олардың лауазымын қысқартуды білдіреді. Олардың міндетін Ұлттвқ кәсіпкерлер палтасына берсе болады, сонда саны көп сапасы жоқ заң асты актілер азаяр еді», - деп түйіндеді  Рахман Алшанов.




Яндекс.Метрика