Өңірлер

БҚО-да ККО қызметі және оны құру мәселелері талқыланды

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы «Консультативтік-кеңестік органның қызметі (ККО) және оны құру мәселелері, сонымен қатар облыстың мемлекеттік органдарындағы комиссия мен жұмыс топтары» тақырыбымен семинар кеңес өткізді, деп хабарлады ҰКП.
Батыс Қазақстан17 Тамыз , 11:33

Жалпы, семинарда негізгі 4 мәселе қаралды, олар: ККО қызметі  және оны құру мәселелері, ККО қызметінің тиімділігі, негізгі міндетті және оларға жету жолдары. Ал, басты тақырып аймақтағы ККО құрамын өзгерту, оның 50% бизнес өкілдерімен қамтамасыз етуге арналды.

Келелі кеңесті қорытындылаған БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Әбсатіров атап өткендей, бүгінгі жағдайда нақты жетістіктерге бизнес пен билік келісе отырып жұмыс істегенде ғана жете алады. 




Яндекс.Метрика