Қалаларға шоғырлану

Авиятехникаға техникалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қос сертификат еурокоптерларды шығарумен айналысатын кәсіпорынға берілді

"Еурокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС авиятехникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша екі сертификатқа қол жеткізді , деп хабарлады «Самұрық қазына» АҚ.
Нұр-Сұлтан17 Тамыз , 10:02

Сертификат серіктестікке дамудың жаңа деңгейіне шығуға және қазақстандық қызмет түрін мемлекеттік талаптарға сай жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.

Осы рестификаттың арқасында компания EASA  стандартына сертификацияланған FNPTIII ұшу жаттығу құрылғысын алды, енді ұшқыштар өз біліктіліктерін ұдайы жетілдіріп тұра алады. Бұл өз кезегінде қауіпсіздікті арттырады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы мен EADS концернінің Еuro­copter еншілес компаниясының бірлескен кәсіпорны «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС  2010 жылы желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. ТМД аумағында  ЕС-145 тік­­ұшақтарын құрастыру, сату және техни­калық қызмет көрсетумен айналысатын жалғыз кәсіпорын. 




Яндекс.Метрика