Өңірлер

Павлодар облысының әкімі Ақсу қаласындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Ақсу қаласында болып қайтты. Облыс әкімі аулаларды көріктендіру барысымен танысты, деп аймақ басшысы әкімдігінен хабарлады.
Павлодар16 Тамыз , 15:04

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен таныс болды. Әр үй 67 пәтер мен төрт подъезден тұрады. Осы екі нысанға  «Грифон-House» ЖШС мердігер болып отыр. Құрылысшылар көшесі, 36 мекенжайындағы тұрғын үй «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша жас отбасыларына арналса, екінші үй жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға берілмек. 

"Бұдан басқа, Ақсуда бірнеше шағын ауданның ауласын көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр, биыл 12 аула абаттандырылған. Осыған орай аймақ басшысы Қанат Бозымбаев көріктендіру жұмыстары уақытылы жүргізіліп, аулалар тұрғындарға ыңғайлы болулары қажеттігін баса айтты", - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ, облыс әкімі Ақсу қаласының әкіміне 3 жыл ішінде шаһардағы көп қабатты тұрғын үйлердің 64 ауласын көріктендіруді міндеттеді.

"Сонымен қатар, облыс әкімі қала әкімдігіне шаһарды тұрақты жылумен қамтылуын, 2015 жылы қалалық қазандықтың құрылысына қатысты мәселелерді шешуді, келесі жылдан бастап әр аулаға бейнебақылау камерасын орнату жұмыстарына кірісуді жүктеді", делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика