Өңірлер

Жамбыл облысында 145 сүт дайындайтын бекет ашу көзделуде – әкімдік

Жамбыл облысында аймақтың барлық аудандарында 145 сүт дайындайтын бекет ашу көзделуде. Бұл мақсатта 1,6 млрд теңге инвестиция тартылды, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Жамбыл17 Тамыз , 11:04

Жалпы, аймақта «Агробизнес-2020»,  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларының қаржы құралдарымен отбасылық типтегі  83 шағын сүт-тауар фермасын ашу жоспарланған  ( 50 ден 200 басқа дейін). Мал басы  6 400 басқа дейін ұлғайтылады, 4,6 млрд теңге инвестиция тартылып, 370 жұмыс орны ашылады.

Соңғы үш жылда облысқа 1259 бас шетелдік асыл тұқымды мал сатып әкелінді

 «Сонымен қатар, жалпы 3 жылда, яғни 2011-2013 жылдары МІҚ малының 12692 аналық басы және 568 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. 2013 жылдың қорытындысымен облыстағы шаруа қожалықтары өз қаражаты есебінен 3620 басқа арналған 10 бордақылау алаңын құрды. Ағымдағы жылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты есебінен 3,0 мың басқа арналған бордақылау алаңдарын құру жоспарланған. Бүгінгі күнге шаруа қожалықтарының өз қаражаты есебінен 1140 орынға арналған бордақылау алаңдары құрылды», - деп атап өтілген хабарламада. 




Яндекс.Метрика