Мәдениетті жаңғырту

Барселонада өткен қазақстандық суретшінің көрмесі Испанияда үлкен қоғамдық резонансқа ие болды

2014 жылғы шілде-тамыз аралығында Барселона қаласында қазақстандық суретші Толқын Сақбаеваның «Өмірімнің нұры» жеке көркемөнер көрмесі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде16 Тамыз , 14:32

Бұл жас суретшінің Еуропадағы алғашқы жеке көрмесі. Бір ай бойы қойылған қөрмеге өнер саласындағы зиялылар, жас суретшілер, сонымен қатар Қазақстанның мәдениетімен таныс өнер сүйер қауым қатысты.

«ҚР Испаниядағы Елшілігінің ақпараттық колдауымен өткен көрме беделді испан БАҚ-тарында (La Vanguardia, EFE, El Confidencial, El Diario және т.б.), соның ішінде Euronews телеарнасында ауқымды қоғамдық резонансқа ие болды»,- делінген хабарламада.

«Біз өмірді бар күйінше қабылдап, сүюіміз керек және әрбір өмір сүрген күніміз сыйлық екенін адам түсіну керек. Сурет салу маған өз сезімімді білдіруге көмек береді», - деді жас қазақстандық суретші испан БАҚ- тарына берген сұхбатында.

1990 жылы Толқын туылған кезінде оған балалардың церебралдық параличі деген диагноз койылған. Толқын 1 жылдан бері Барселонада анасы және 2 туысымен тұрады. Өз мүгедектігіне карамастан, Толқын мүмкіндіктері шектеулі балаларға сурет салу сабақтарын ақысыз беріп жүр. Толқынның ең сүйікті суретшілері – Франсиско де Гойя, Анри Матисс, Поль Сезанн және Пабло Пикассо.




Яндекс.Метрика