Инвестиция үшін аймақтық хаб

ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда шетелдік қатысушыларға көрсетілетін қолдаулар жайында айтып берді.
Казахстан05 Қыркүйек , 00:00

«ТМД елдері арасында Қазақстан алғаш болып дағдарыс алдындағы әлемде бәсекеге қабілетті болу үшін стратегиялық жоспарлауды бастап кетті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев басты екі тапсырманы алға қойған, бірі Ресей және Белоруссиямен біріге отырып, Кеден одағына кіру болса, екіншісі – отандық экономиканың үдемелі индустриализациясы.

Бұл екі бағыт та инвесторлар үшін ауқымды жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді. Егер шетелдік инвесторлар тек шикізат өндірумен айналысса, қазір бұл аздық етіп отыр. Қазір мемлекет мұндайларды ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы арқылы қолдау көрсетуде.

Алдағы бес жылда біз үлкен мәселелерді шешіп, экономикада үлкен серпіліс жасауымыз тиіс. Біріншіден, мұнай мен металл өңдеуден барынша пайда табуымыз керек. Екіншіден, еңбек өнімділігінің өсімі, сондай-ақ, жұмыссыз отырған халықты ілкімді жобаларға тарту. Ал, үшіншіден, Кедендік одақтың барлық мүмкіндіктерін өз пайдамызға пайдалану. Егер осы міндеттерді орындай алсақ, алдағы 5 жылда елдің ІЖӨ-і 50 пайызға өседі.

Ең алдымен мемлекет бұрын Қазақстанда өндірілмеген жаңа тауар өндірушілерін қолдайтын болады. Ағымдағы жылы 144 жобаны қосу жоспарлануда. Мұндай көлемдегі жұмыстар бүкіл посткеңестік аймақта болмаған. Және бұл тек бастамасы ғана» деді Ә.Исекешев өз сөзінде.




Яндекс.Метрика