Қазақстанда 2020 жылы балық аулау көлемі 10 мың тоннаға жеткізілмек

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Нұр-Сұлтан05 Тамыз , 12:17

«Балық аулаудан тауарлық балық өсіруге бағыт алу табиғи су айдындарын мекендейтін популяцияларға түсетін қысымды азайтуға мүмкіндік береді.Жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуы нәтижесінде балық өсіруді дамыту есебінен 2020 жылы балық аулау көлемі 10 мың. тоннаға жетекізілмек.Қазақстанның табиғи су айдындарындағы кәсіпшілік нысандар санының азаюы жағдайында тауарлық балық өсіруді дамыту жолы балық аулау кәсібінің баламасы болмақ», - деді ҚР ҚОСРМ балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Мұсапарбеков

Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы әзірлеу Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау аясында жүргізілді.

Тауарлық балық өсіруді дамыту жан-жақты әлеуметтік-экономикалық әсер береді. Тауарлық балық өсіру шаруашылықтарын дамыту саласында іскерлік белсенділігі артып, ауылдық аймақтарда қосымша жұмыс орындарының ашылуына себеп тудырады.

Бүгінгі семинар-кеңестің нәтижелері бойынша Қазақстанның 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына FAO-ның сараптамалық тұжырым дайындайды.

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика