«Жасыл көпір» бағдарламасы экологиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді

«Жасыл көпір» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Болат Ессекин өз сұхбатында аталған жобаны жүзеге асырудың келешекті бағыттары туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтан04 Қыркүйек , 00:00

Жасыл технология мен инвестицияларға қолжетімділікті кеңейту үшін жағдай мен инфрақұрылым жасауға бағытталған жобалар «Жасыл көпір» бағдарламасының құралдары боп табылады.

«Еуропамен салыстырғанда Қазақстанда жер қорларының 90%-ы химикаттар және пестицидтермен ластанбаған. Сондықтан, бағасы үлкен және халықаралық нарықта сұранысқа ие болатын «таза» азық-түлік тағамдарын өсіруге мүмкіндік бар. «Жасыл көпір» секілді жобалар арқылы біздің шаруаларға жақсы пайда әкелетін және жаңа технологиялар сатып алуға мүмкіндік беретін тауар өндіруге көмектесу керек», – деді ҚР қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі Б.Ессекин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, әлеуметтік нысандардың құрылысы «Жасыл көпір» бағдарламасының тұжырымдамасы мен механизмінің келешекті бағыты боп табылады.

«Балабақша, аурухана, мектеп пен тұрғын үйлердің құрылысын қазір бізде қолданылып жатқан материалдардан әлдеқайда экологиялық таза боп табылатын экологиялық материалдар мен технологиялардың негізінде жүргізуге болады», – деді Б.Ессекин.

Оның айтуынша, қоршаған ортаны ластамайтын және табиғи қорларға зиян тигізбейтін арзан энергия алуға ықпал ететін қалпына келтірілетін энергетиканың әлеуеті зор. Сонымен қатар, «Жасыл көпір» тұжырымдамасының негізінде трансшекаралық дәліздердің құрылысы кезінде экологиялық инфрақұрылымдарды құруды есепке алуға болады.

Экологиялық мәселелер мен кедергілерден өту «Жасыл көпірдің» артықшылығы екенін Б.Ессекин атап өтті. 




Яндекс.Метрика