Қазақстандық кәсіпкерлерге ЕАЭО құрамына ену стратегиясын дайындау қажет

«Мемлекеттік және жеке меншік серіктестіктің қазақстандық орталығы» АҚ сарапшысы Бекмұрат Талипов қазақстандық кәсіпкерлерге жаңа экономикалық одаққа енуде өзіндік стратегия дайындау керектігін атап өтті.
Нұр-Сұлтан01 Тамыз , 10:03

«Бизнес үшін ЕАЭО-да жұмыс істеу бәсекелестіктің жоғарғы деңгейі. Осы ортада күн көру үшін отандық кәсіпкерлерге  тауар мен қызмет сапасын арттырып, инновациялық технологияларды енгізу аса қажет. Сондай-ақ, нарықтағы өзіндік құнды арзандату қажет. Бұл орайда қазақстандық кәсіпкерлер өз мүдделерін қорғаған жөн. Оған қоса, олар ЕАЭО құрамына енудің өз стратегиясын дайындаулары тиіс», - деді Б. Талипов.

Сарапшының пікірінше, ЕАЭО аясында шағын және орта бизнес пен банк қарым-қатынасы өзгереді. 

«Өздеріңіз де білесіздер, Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдері арасында алдыңғы қатардан көрініп, бүгінгі таңда дамығандығымен көзге түсіп отыр. Шағын және орта бизнес өкілдерінің алға тартқан бірқатар мәселелеріне қарамастан, жалпы ШОБ пен банктік жүйе арасында байланыс жолға қойылған және даму үстінде. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан да шағын және орта бизнеске аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Атап айтар болсақ,  Үкімет тарапынан мемлекеттік бағдарламалар мен екінші деңгейлі банктер арқылы жетілдетілген несие де ұсынылды. Сонымен қатар, отандық банктерден кәсіпкерліктерін кеңейту мақсатында алған несиелерін субсидиялау да қарастырылған. Және де ВТБ, РБК, Сбербанк пен Альфа-Банк банк секілді ірі ресейлік банктер Қазақстан нарығына еніп, барынша сәтті жұмыс істеуде. Осылайша шағын және орта бизнес пен  банк қатынасын өзгереді деп айтпас едік», - дейді сарапшы.




Яндекс.Метрика