ЕАЭО туралы келісім – жаңа тарихтың соңғы жиырма жылындағы айтулы оқиға

ҚР Президенті атына мемлекет басшылары деңгейінде өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің Астанадағы отырысы мен Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қоюға байланысты пікірлер мен құттықтау хаттар толастар емес.
Нұр-Сұлтан08 Шілде , 16:37

Атақы кеңес және Ресей мемлекет қайраткері Е.Лигачев өзінің хатында Келесімнің маңызына тоқталған.

«ЕАЭО туралы келісім – жаңа тарихтың соңғы жиырма жылындағы айтулы оқиға. Біздің халықтарымыз өзара жақын байланыса түсіп, болашақтарын да ортақтастырып отыр», - дейді хат авторы.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы «Зерде-Память» қоғамдықө қорының төрағасы К.Төлебаев, Орыс мәдени орталығы төрағасы С.Погодин, «Грамада» беларусь этомәдени бірлестігінің төрағасы М.Беляев пен «Информбиржа news» газетінің шеф-редакторы С.Кульпиндер Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімді құптап пікір білдірді.

«Келісімнің құрылуы барлық күн тәртібіндегі мәселелерді оңтайлы шешу жолы мен оған қатысушыларды біріге отырып алға сүйрейтін бірден бір бірлестік болмақ. Бұл дүниежүзілік жалпыхалықтық бастама. Бұл ғасыр құжатын құруды барша азаматтар терең толқыныспен күтті», - дейді авторлар. 




Яндекс.Метрика