Мәжіліс депутаты Виктор Киянский, Шавхат Өтемісов пен Самиғолла Оразовтың мәлімдеуінше, аймақ халқы бір ауыздан Елбасының халықтың өмір сүру жағдайын көтеру саясатын қолдап отыр.
Оралдық тұрғындармен кездесу барысында халық қалаулылары 2 парламент сессиясының заңдық – шығармашылық қызметін алға тартып, Ел басының «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиясының мақсат-міндеттерімен бөлісті.