Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен өткен алқа мәжілісінде ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құжатта аталып өткеніндей, Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдәев Үкімет басшысына электронды түрде берілетін мемлекеттік қызметтер саласында салық саясатын жеңілдету бойынша жұмыстарды баяндайды. Сонымен қатар Ә. Жұмаділдәев Қазақстанның салық салу индикаторы бойынша Doing Business-2013 рейтингісінде 185 ел ішінде 17-орын алғандығын мәлім етпек.