«Соңғы төрт жылда сәби өлімі тұрақты түрде төмендеуде. Бала мен сәби өлімінің көрсеткіші республикадағы ең төменгі көрсеткіш боп тұр», – деді денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Мәриям Бапанова.
1 жасқа дейінгі балалар өлімінің негізгі себебі паринатальдық кезең кезіндегі сырқат (70,5%), екінші орында – туа біткен ауытқушылық (15,9%), содан кейінгі себеп – күтпеген өлім және қайғылы жағдай (4,5%).
2012 жылдың қорытындысы бойынша, ана өлімінің 2 жағдайы тіркелген. Бірі Петропавл қаласында, екіншісі Аққайың ауданында.