«Жасыл» экономика жобалары халықтың өмір сүру сапасын арттыруы керек

«Жасыл» экономика жобалары пайда әкеліп қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын арттыруы керек, деп «Нұр Отан» партиясының ресми сайтына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айткүл Самақова ағынан жарылды.
Нұр-Сұлтан18 Маусым , 17:38

«Қазақстандық қоғамның белсенді дамуын ескере келе елдің экологиялық саясаты да  реформаға ұшырады. Нәтижесінде, қоғамдық дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық міндеттері бірігіп, «жасыл» экономикаға көшу саясатына ұласты», - деді А. Самақова.

Ол атап өткендей, экономиканы экологияландыру заманауи кезеңде «жасыл» экономикаға көшу арқылы жүзеге асырылуда. «Алайда «жасыл» экономикаға көшу - ол тұрақты дамуға жету жолы екенін ұмытпаған абзал», - деп есептейді депутат.

««Жасыл» экономика жобалары шынайы экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын артыруы керек. Мысалы, энергияның жаңартылған көздері ауыл тұрғындарын энергиямен қамтамасыз етуде энергияның жаңартылған көздері таптырмас олжа болуы мүмкін. Елді мекендерде «жасыл» экономиканың орман шаруашылығы, балық шарушылығын, омарташылық, экологиялық туризм мен басқа салаларында дамыту керек», - деп депутат баса айтты.

Оның айтуынша, біз экологиялық талаптарды қатайтып қана қоймай, қағаз бастылықты да біржолата шешуіміз керек.

«Ол үшін біз отандық заңнаманы халықаралық заңнаманың үздік үлгілерімен үйлестіріп, жетілдіру керек», - деді ол.




Яндекс.Метрика